Сәл нәрседен әсер ап, елең еттім – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Сәл нәрседен әсер ап, елең еттім» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 542
Сәл нәрседен әсер ап, елең еттім,
Өміріме алғандай бөлек екпін.
Қараңғыда жақындап жарығыңа,
Қанаттарын күйдірген көбелекпін.
Сыбдырынан сыр бағып жапырақтың,
Табиғаттың мінезін бақылаппын.
Айға ғашық болғандай қол жетпейтін,
Саған ғашық болған бір ақымақпын.
Сескенбеймін, өсектен, мазақтан мың,
Ақ сәулесін сіміріп ғажап таңның.
Күнге ғашық болған бір жер анадай,
Саған ғашық болып мен азаптандым.
Тұтқын болдым, тілекке, қамалып көп,
Топырақтан бір жан алып жаралып па ек?
Жетім бұлбұл жүректі шырылдатпай,
Қайда барсаң, сол жерге мені алып кет.
Оқымассың, жыр жазсам атыңа әлі,
Бұл өмірдің мен бе екем, ақымағы?
Арыстандай асық боп айға атылған,
Жүрек тулап кеудемнен атылады.
Бар жасауын жатқандай жайып дала,
Көкжиекке күн батты байып ғана.
Қол жетпесін білсем де, мен өзіңе,
Айым, ғашық боп қалдым, айыптама.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәл нәрседен әсер ап, елең еттім өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Сәл нәрседен әсер ап, елең еттім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сәл нәрседен әсер ап, елең еттім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сәл нәрседен әсер ап, елең еттім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері