Сәби дауысы – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Сәби дауысы» атты Қанипа Бұғыбаева жазған бала туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1183
Қысыла ма, кім білсін жас жүрегі,
Орындалмай ойдағы еш тілегі.
Түн ішінде көрші үйден іңгәлаған
Нәрестенің дауысы естіледі.
Дірілдейді сол үннен ауа тұнық,
(Тыңдағандай сол үнді дала тынып)
Әлсін-әлсін оянып ұйқысынан
Әлдилейді «әлдиін» ана тұрып.
Бұйырғандай болады бір үн маған,
Өтіп жатқан уақытпен бұрылмаған.
Шарасыз жан, отыр ма, шаршап, талып
Тілін таппай сәбидің шырылдаған.
Оттан аман болса екен, тілден аман,
Қатыгездеу ғасырда туған адам,
Сәби дауысы келеді құлағыма
Ақ «мамасын» ембестен іңгәлаған.
Тіршілікті тіршілік кешіресің,
Өсіресің, тағы да өшіресің.
Даулап жылап жатқандай сәби даусы,
Жеп қойғандай, әлдекім несібесін...
Шырылдайды, шыңғырып, несіне шын,
Біреу тауысып кеткендей несібесін.
Ұйқысынан дүниені ерте оятпай
Ей болашақ, неге сен, кешігесің?
Не көрмейді сау тұрса мына басың,
Мазалаған сәбиім бір анасын.
Уақыттан, адамнан, табиғаттан,
Сұрап жылап жатқандай сыбағасын.
Арай таңым кешікті-ау ұрандатқан,
Көкірегіме көп арман күн аунатқан.
Жебе даусы келеді, дүниені –
Дөңгелетіп көзінен құланды атқан.
Күміс қанат кешікті-ау мына таң көп,
Көлеңкесін жерге тау құлатар кеп.
Дауыстан сол оянып аунай берем,
Қалай, қайтсем сәбиді жұбатам деп.
Тұншыға ма ауада тұмандатқан,
(Кім сілкиді ойымды мынау батпан)
Естілгендей болады, бесіктегі –
Болашақтың дауысы жылап жатқан...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәби дауысы өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Сәби дауысы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сәби дауысы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бала туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Сәби дауысы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері