Жылатып өмір жұбатар

Бұл бетте «Жылатып өмір жұбатар» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 820
Жылатып өмір жұбатар,
Келіс, мейлің, келіспе.
Тірінің бәрі күнәһар,
Өлгеннің бәрі періште...
У- шуына базардың,
Барады бәрі асығып.
Жібіне бір күн ажалдың,
Қаларын білмей асылып.
Жүрек без бе, темір ме,
Мұнарға тұр батып тау.
Өлімі бар өмірге –
Келмеген жан бақытты-ау!
Бірі жанып, бірі өшкен,
Жұлдызды кім танымақ?
Тірілерге тірескен,
Араша түсші «аруақ»!
Дүниеде мына, тар,
Жету қиын жеңіске.
Көңілім кейде күнәһар,
Өлімім бейне періште...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жылатып өмір жұбатар өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Жылатып өмір жұбатар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жылатып өмір жұбатар өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жылатып өмір жұбатар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері