Мен соғысты көргем жоқ – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Мен соғысты көргем жоқ» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.01.2018
  • 0
  • 1
  • 12653
Соғыс деген суық үн,
Соғыс деген күз, қайғы.
Соғыс десе буыным,
Сынбай тұрып, сыздайды...
Алаңдаймын ойыма ап,
Жауап күтіп әлемнен.
Самолеттер бейуақ,
Ұшып өтсе төбемнен…
* * *
Тірліктің түрлі күй-әні,
Сайрашы жаным, жұбан да.
Қарлығаш ұшқан ұяны,
Жүреді торып жылан да.
Бетіңнен қайтып, тоқтама,
Келмей тұр басқа ой, тәуір.
Сапарға шықсаң тек қана,
Аласа ұшпа, әйтеуір.
Есен боп жүрші, тілерім,
Кеудеңнен ұшса үркіп ән.
Бір өмірді бір өлім,
Торып жүрер сыртынан.
Жаралғансың қиялдай,
Сұлулығың күйініш.
Түлеп ұшқан ұяңнан,
Қарлығашым биік ұш!
Тамшы болып төгілген,
Жерге тағы салқын бақ.
Ұша түсші, көгімнен,
Ақ бауырың жарқылдап!
* * *
Шыққанда шыңыраудан биік даусым,
Мүлгісін әуеніме ұйып тау-шың.
Қуаныштан достарым қолын соғып,
Қызғанғанның іші отқа күйіп қалсын.
Жайылып жатсын алда бір таулы өткел,
Сезім кейде аңқылдақ, мылқау да еткен.
Толқыныммен тебейін, тұрса бөгет,
Шапшып келіп төменге шырқау көктен.
Шырқайын секілді бір тынысты әнші,
Шуламай сәл, ей, әлем, тынышталшы.
Ат мінерде ұлыма ұстатайын,
Өріп тұрып өлеңнен күміс қамшы!..
Алаңсыз тұрған шақта бұлт тарап күн,
Келсе егер де құрбыңды бір қаратқың?
Мен ұсынған сол қамшы жай отындай,
Ойнасын, сауырында тұлпар аттың!


Пікірлер (1)

КАРАКАТ

Уйкасымсыз

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен соғысты көргем жоқ өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Мен соғысты көргем жоқ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен соғысты көргем жоқ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен соғысты көргем жоқ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері