Жар басында – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Жар басында» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 742
Тәкаппарсың, сұстанып, керіп қабақ,
Толқын шашын табаны өріп, тарап.
Жар тұратын, жалықпай жүзін көріп,
Төбесінен өзеннің төніп қарап.
«Ағынды Ақсу» ағатын күлкіні өріп,
Ақ арманның ашылмай кілті берік.
Қытықтайтын қолтығын, толқын, жардың –
Тұрғанына шыдамай құр түнеріп...
Құпиясын қызықтап, бала шақтың,
Болдым іштей қиялдап, алашапқын.
Жар басынан қараушы ем, таңғы ағысқа
Көргім келіп бейнесін бала шақтың.
Сезім – балық, ойнаған бұлаққұмар,
Тасқа тиіп тұмсығы жылап тынар
Егіліп жар, шыдамай су арудың,
Ауық-ауық үстіне құлап, тұрар.
Жаға жайдың жайқалып оты қалың,
(Жар басында ой кешіп отырамын).
Ағады Ақсу, үстіне гүрс етіп бір –
Құлайтұғын, қосып ап топырағын...
Талшыбықтай толқыны мың бұралып,
Көкжиектен сүйердей күнді барып.
Ағысы ұрып жататын күндіз-түні,
Биік жардың табанын үңгіп, ағып.
Өтті, кетті, күмбірлі кезің керуен,
Әлиядай әжемнің көзін көрген.
Айдынына арудың құлаған жар
Жігіттей бір төзімін сезім жеңген...
Жылатты арман, кімдерді жұбатты арман,
Бұлақ таудан аққандай, сыр ақтарған.
Табамын ба, білмеймін енді барсам,
Туған үйдің орынын құлап қалған.
Бөгей алмай бойдағы тасқынымды,
Сөзге ілескіш, сезімге мас күнімді.
Қайтарар ма, Ақсуым, сұрап барсам,
Жар басынан құлаған жастығымды?..
Құрмайды екен салтанат мәңгілік таң,
Ақсуға дос, шөліңді қандырып қал.
Естігендей боп тұрам, әжем дауысын,
Жарға барып соғылған жаңғырықтан!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жар басында өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Жар басында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жар басында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жар басында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері