Қуаныш-қайғы егіз дүние – Гүлманат Әуелхан

Бұл бетте «Қуаныш-қайғы егіз дүние» атты Гүлманат Әуелхан жазған мұң туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 03.02.2021
  • 0
  • 0
  • 1381
Қуаныш-қайғы егіз дүние,
Аспанның неге суық қабағы.
Толқыған мынау теңіз дүние,
Ішінен ғана тынып қарады.
Жалғанға мынау налып жүдедім,
Медет етемін жалбыз жырымды.
Күрсіне берді нәзік жүрегім,
Есіме салып жалғыздығымды.
Шығады екен жаңғырық неден,
Құсамды жүрдім бұқтырып көп күн.
Ғұмырды біздер мәңгілік деген,
Жалған екенін ұқтырып кеттің.
Өмірді құлай сүйсем бе екен?!
Түлкідей қызыл құбылып тұрған.
Шарпылып отқа күйсем бе екен,
Көңілмен мынау суынып тұрған.
Бейтаныс біреу сұқпыты бөтен,
Барады шырқап әнімді менің.
Өмірдің шулы базары мынау,
Жаулап барады жанымды менің...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қуаныш-қайғы егіз дүние өлеңінің авторы кім?

Гүлманат Әуелхан — осы өлеңнің авторы.

Қуаныш-қайғы егіз дүние өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қуаныш-қайғы егіз дүние өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мұң туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қуаныш-қайғы егіз дүние өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері