Неге?!

Бұл бетте «Неге?!» атты Гүлманат Әуелхан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.02.2021
  • 0
  • 0
  • 1070
Сезімге ғажап шөлдейсің неге,
Сағынсаң іздеп келмейсің неге.
Жаныңды сеніп бермейсің неге,
Арманыңды асыл жерлейсің неге,
Махаббатыма сенбейсің неге?!

Түсіме жиі енесің неге,
Мазалай берді елесің неге,
Үміттің дәнін себесің неге,
Семсерсіз сертті бересің неге,
Алыстап кеттің жанымнан қалқам,
Келместің мініп кемесін неге?!

Шапағат іздеп шағындың неге,
Баянсыз баққа бағындың неге,
Соңынан қудың сағымның неге,
Жұлдыздан моншақ тағындың неге,
Жанартау жүрек жарылдың неге?!…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Неге?! өлеңінің авторы кім?

Гүлманат Әуелхан — осы өлеңнің авторы.

Неге?! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Неге?! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлманат Әуелхан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Неге?! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар