Өмір өтіп бара ма? – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Өмір өтіп бара ма?» атты Исраил Сапарбай жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 794
Жылдар салып араға
Өмір өтіп бара ма?:
Көңіл шіркін күздегі
Жапырақтай сарала.
Ұйқы қашып далаға,
Салқын кірді санаға.
Түбі шикі тіршілік
Түс көргендей бола ма?..
Қамала, ой, қамала,
Хал-жайыма қарама.
Бізден де өмір қала ма
Балалардан балаға?..
Жан жете алмас жағада
Жалғыз шырақ жана ма?
Сыңар құсым – Шағала,
Қанатыңды сабала!
Бұлт ала, жер шола ма?
Көкейге шер тола ма?
Қызығы көп қызық Күн
Көкжиекке қона ма?
Жапырақ та сарала,
Атырап та сарала.
Ерікті алған бұл өмір
Келіп қалды-ау жобаға...
Зымыстанға жоғала
Гүлстан да сола ма?
Айналамыз қалай біз
Момақан бір молаға?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір өтіп бара ма? өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Өмір өтіп бара ма? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмір өтіп бара ма? өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмір өтіп бара ма? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері