Қарап жүрмей жүрегiмдi сыздаттың – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қарап жүрмей жүрегiмдi сыздаттың» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 675
Қарап жүрмей жүрегiмдi сыздаттың,
Ой – телегей,
Телегейге шым баттым.
Жан-жүректi жарылқар ма екенсiң –
Жарым түнде жар төсегiн мұздаттым.
Шықпай қойдың,
Шықпай қойдың сен естен!
Лебiзiң бе майдақоңыр леп ескен?
Iздегенмен табылмайтын қасымнан
Қандай қайыр күтпекшiмiн Елестен?
Сен – Елессiң!
Есi-дертiм тек сенде!
Сорым қайнап соңыңа ерiп кетсем бе...
Жазған басым жатсам-тұрсам, не шара,
Жалғыз сенi, жалғыз сенi көксеуде.
Сен – Елессiң!
Ем емессiң дертiме.
Неге ендеше ерiк бердiм өртiңе?
Саған ашық жүрегiмнiң Қағбасы –
Көкiрегiмнiң қуысына кел, түне?
Уа, бармысың, жаһандағы Жұмбағым?
Естiрмiсiң ессiз жанның мұңды əнiн?
Сенi аңсаумен өтер ме екен арманда
Азап шегiп айым, күнiм, жылдарым?..
Уа, бармысың, қара көзiм, қалқашым?
Мың жылда да мыңқ етпей ме жартасым?
Əлде, ару ма ең,
Ақтық пенен пəктiктiң
Абайсызда төгiп алған алқасын?
Айтшы, қалқам,
Ғайыпсың ба,
Шынсың ба?
Жұмбақ болсаң,
жұлдыз көзiн жұмсын да.
Сен Шын болмай,
Елес болсаң əншейiн,
Мынау дүние айналмай ма тылсымға?
...Айтшы, жаным,
Ғайыпсың ба?
Шынсың ба?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарап жүрмей жүрегiмдi сыздаттың өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Қарап жүрмей жүрегiмдi сыздаттың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарап жүрмей жүрегiмдi сыздаттың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарап жүрмей жүрегiмдi сыздаттың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері