Қанға біткен қараулық қайдан қалсын? – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қанға біткен қараулық қайдан қалсын?» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 567
Қанға біткен қараулық қайдан қалсын?
Адал болсаң,
Ақ болсаң – Пайғамбарсың!
Боз басыңмен,
Жуылмас көз жасыңмен
Жан хауызың бір рет лайланғасын.
Қызыл көрсең,
Құнығып қымбат көрсең,
Кім болмақсың күнəға бір батқан соң?
Тазарады дегенге мен сенбеймін
Көңіл кірі көз жасын құрғатқан соң.
Жапа шегер жан гүлі у сепкенде,
Өрттің тілі басылар су сепкенде.
Жүрек өртін,
Жан дертін жазбақ үшін
Дəрі-дəрмек жасалар қу шөптен де.
Қолдан қалай түспейді күрең кесе,
Бірі у беріп,
Досыңның бірі емдесе?..
Жерді басып жүргенің кімге керек,
Жүріп өткен ізіңнен гүл өнбесе?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қанға біткен қараулық қайдан қалсын? өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Қанға біткен қараулық қайдан қалсын? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қанға біткен қараулық қайдан қалсын? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қанға біткен қараулық қайдан қалсын? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері