Ай қараңғы, күн бұлт кешесі мен – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Ай қараңғы, күн бұлт кешесі мен» атты Исраил Сапарбай жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 809
Ай қараңғы, күн бұлт кешесі мен
Сайтан көрдім Саинның көшесінен.
Сайтан көрдім би билеп отты айналған,
Қара түнде көздері шоқтай жанған!
Сайтан көрдім сандарын сабалаған,
Əр дарақтың түбінде балалаған.
Көзді арбайды,
Ымдайды,
Қас қағады,
Жанарымен жадылап тастағалы!
«Көрсең, осы, – дегендей, – мүсін, денем»
Көздерін-ай сайқалдың ішіп-жеген!
Тар лыпадан шыға алмай бөксе, белі,
Тақылдайды тас жолда өкшелері.
Ерінінде емексіп мысқыл, мазақ,
Жанарынан ұшады ұшқын ғажап!
Жетегіне көндіріп небір дөйді,
Желіккірдің етегін жел үрлейді.
Серісінген Серкені Ешкі алдайды,
Есекдəме еркекте ес болмайды:
Қалқаларға – бояған шаш, тырнағын
Түсіп жатыр топырлап Қасқырларың!
Азған азбан несі айып Сайтанға ерсе?
Азынайды айғыр да байтал көрсе…
Адыра ғап күндіздің күллі азабы,
Таң атқанша қызады түн базары!
…Ай қараңғы, күн бұлт кешесі мен
Сайтан көрдім Саинның көшесінен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ай қараңғы, күн бұлт кешесі мен өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Ай қараңғы, күн бұлт кешесі мен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ай қараңғы, күн бұлт кешесі мен өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ай қараңғы, күн бұлт кешесі мен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері