Алдау, арбау, мəймөңкелiк, мекерлiк

Бұл бетте «Алдау, арбау, мəймөңкелiк, мекерлiк» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1103
Алдау, арбау, мəймөңкелiк, мекерлiк..,
Бiр басыңа барлық өнер жетерлiк.
Жан-тəнiмдi жаулағаның – бiр ерлiк,
Балдай балқып баурағаның – екi ерлiк.
Сендей сұлу талайларға арман, ə..,
Жалғыз жүрек жамалыңа пəруана!
Бозторғайдың бостандығы – боз көде,
Тоты байғұс сайрай берер торда да.
Тоты халiн кешкенiме қай заман?
Аспанымда – жұлдыз желең, Ай жалаң.
Өле-өлгенше арыла алар ма екенмiн
Өрттен, дерттен өнбойымды жайлаған?
Басым аман болса деп ем бақастан,
Қайран жүрек қашан шығар қапастан?..
Тал гүлiм бар шырмауықпен матасқан,
Тағдырым бар шаңқай түсте шатасқан.
Кiм ұғынар Тоты халiн, тор мəнiн
Қайда менiң қорғаным мен орманым?
Перiште едiм…
Пенде ғұрлы болмадым,
Неге сонша өзiмдi-өзiм қорладым?..
Қорладым ба,
Қорландым ба,
Хақ бiлер,
Жағдайыма жақын налып,
Жат күлер.
Таң нұрынан тəж киюдiң орнына
Күнмен бiрге күңiренiп батты дер…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алдау, арбау, мəймөңкелiк, мекерлiк өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Алдау, арбау, мəймөңкелiк, мекерлiк өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алдау, арбау, мəймөңкелiк, мекерлiк өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алдау, арбау, мəймөңкелiк, мекерлiк өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері