Бұл жерде болмаса да халық бөтен – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Бұл жерде болмаса да халық бөтен» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 1069
Бұл жерде болмаса да халық бөтен,
Мен сенi алыс жаққа алып кетем.
Ол жақта Еңлiк пен Кебектейiн
Өмiрдiң өткiземiз бөлек тойын.
Қаланып тау мен тастан Сарайымыз,
Өтедi оңашада бал айымыз.
Айналып ақ жiбекке ақ түнiмiз,
Қосылар шымылдықта шаттығымыз.
Махаббат мəзiрiнен мазаны алып,
Шығамыз бар күнəдан тазаланып.
Ол жақта болмайды өсек, жала, нала...
Мен – Адам, сен ұқсарсың Хауа анаға.
Ұсынып жанға шипа бұлақ күмiс,
Болады у мен шудан құлақ тыныш.
Күз келiп, көктем көшiп, жаз ауа ма...
Қақтаймыз тəнiмiздi таза ауаға.
Пiр тұтып табиғаттай төл ананы,
Пенделiк iзiм-қайым жоғалады.
Өрбiген бiзден өсiп перiштелер
Гүл үзiп, жұмақжайдан жемiс терер.
Көңiлдi көгендемей көлеңкеге
Екеумiз кетейiкшi сол өлкеге?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұл жерде болмаса да халық бөтен өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Бұл жерде болмаса да халық бөтен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұл жерде болмаса да халық бөтен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұл жерде болмаса да халық бөтен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері