Жалғыздық – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Жалғыздық» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 663
«Қазақтың жігітінен дос таба алмай...»
Ажалын торға түсіп, тосқан аңдай,
Қарайды екі көзім қарайғанға
У қосқан шарап толы тостағандай.
У қосқан тостағандай шарап толы
Қасірет, қажетіңе жарат мені!
Күйікті баса алмаған шарап па еді?
Биікті аса алмаған қанат па еді?!
Қазақтың дос таба алмай жігітінен
Несіне бордай босап үгітілем?
Тəңірден тəубе тапқан тағдырыммен
Талайдың тас жүрегін жібітіп ем...
У қосқан тостағаным, төгілмеші,
Қабырғам, қайыспашы, сөгілмеші.
Қайтейін, қарға адымым қарға малтып,
Қайтейін келмей қойса көңіл хошы.
Ай жалғыз,
Құдай жалғыз,
Мен де жалғыз...
Жақсыға жарымаған кембағалмыз.
Жалғыздың жауы да көп, сауы да жоқ,
Құдай-ай, енді қашан ел болармыз?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалғыздық өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Жалғыздық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалғыздық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалғыздық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері