Алқара көк қандай əсем, айшықты?!: – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Алқара көк қандай əсем, айшықты?!:» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 943
Алқара көк қандай əсем, айшықты?!:
Анам көмген таба нандай Ай шықты.
Ақ шабақтай шоршып қашқан қармақтан
Жұлдыздар да жамырады жан-жақтан.
Көкжиектің жонын сипап көмескі,
Əлдеқайдан əбеқоңыр леп есті.
Күміс теңге төгілгенде науадан,
Əтір исі аңқиды екен ауадан!
Сарықарын самауырда шəй қайнап,
Дастарқанға келіп қонды Ай жəйлап.
Толған Айға не жетеді күздегі?! –
Қонған Айға қолым создым үзгелі.
Көкте де Ай,
Жерде де Ай,
Екі Айға
Кезек-кезек қарағанмен не пайда?
Ай сəулесі жайлағалы жер үйді,
Көңіл шіркін сары майдай ериді.
…Алқара көк қандай əсем, айшықты?!.
Анам көмген таба нандай Ай шықты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алқара көк қандай əсем, айшықты?!: өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Алқара көк қандай əсем, айшықты?!: өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алқара көк қандай əсем, айшықты?!: өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алқара көк қандай əсем, айшықты?!: өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері