Қабірі қайда Шəмшінің, білесіңдер ме? – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қабірі қайда Шəмшінің, білесіңдер ме?» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 688
Қабірі қайда Шəмшінің, білесіңдер ме?
Басына барып, бата оқып жүресіңдер ме?
Отыр ма əлде қасында қарақұс қалғып,
Жатыр ма əлде көміліп күресіндерге?
Қабірі қайда Шəмшінің, білесіндер ме?
«Кеңсайды» көзге, жұртым-ау, ілесіңдер ме?
Құрдымға қашқан судайын жоғалып, өшіп,
Жоқ, əлде оған барар жол түгесілген бе?
Қабірі қайда Шəмшінің, білесіңдер ме?
Басына шыбық барғанда тігесіңдер ме?
Жұмақтың жұмсақ жұпарын жататын бүркіп
Жанына əсем не жетсін гүл өсіргенге!
Қабірі қайда Шəмшінің, білесіңдер ме?
Тірлігі барда кім бүкпес тізесін жерге...
Қамыңды жаса, бауырым, қадірің барда,
Қашанғы қалт-құлт күн кешіп жүресің жерде.
Қабірі қайда Шəмшінің, іздедіңдер ме,
Үйде жүргенде ұмытпай, түзде жүргенде?
«Кеңсайға» Шəмші кеткелі ұқсаймыз біздер
Ұзаққа құсын ұзатқан күздегі көлге...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қабірі қайда Шəмшінің, білесіңдер ме? өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Қабірі қайда Шəмшінің, білесіңдер ме? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қабірі қайда Шəмшінің, білесіңдер ме? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қабірі қайда Шəмшінің, білесіңдер ме? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері