Аңшы арыстан – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Аңшы арыстан» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1706
Ит, Арыстан, Қасқыр, Түлкі өзара
Көршілік күн кешіп,
Тезара
Сөз ала,
Аң аулауға келісіпті бірлесіп.
Не көрсе де тең көретін болыпты,
Не ұстаса да тең бөлетін болыпты.
Айласына жетпейді адам ұғымы,
Алдыменен Түлкі ұстапты Бұғыны.
Жолдастарын шақырыпты көруге,
Олжаны тең бөлуге.
Арыстан да жетті көзі жайнаған,
Тырнақтарын қайраған.
Қарап алып достарына айнала,
Билеп өзі бөлісті,
Былай депті:
«Біз төртеуміз қайда да,
(Бұғыны ол төрт бөліпті келісті) –
Кел, бөлейік, міне, менің бөлісім:
Мына бөлек мен үшін,
Уәдеміз күшінде;
Мынау маған – патшамын аң ішінде,
Мынау маған – мықтылығым үшін де,
Ал, мынаған тиісуге болмайды,
Оған тиген оңбайды!»


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аңшы арыстан өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Аңшы арыстан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аңшы арыстан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аңшы арыстан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері