Қызығу – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қызығу» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1739
Бір мүгедек бара жатты көлікпен:
Мүгедектерге арналған
Машинаға таңданған
Кейіппен
Қарай қалғам көрсеқызар желікпен:
«Тек осындай болса жаңа көлігім,
Сүймес еді мені кім?
Жүйріктігін байқар ем,
Жорғалатып шайқар ем»...
Бірақ, достар, тілдемегін,
Ол бейшараның сәндікке мінбегенін,
Еріккеннен жүрмегенін,
Ақымақтық екен білмегенім.
Кездейсоқ апақ-сапақта,
Ұшырадым да апатқа,
Өлмей, әрең жаным қалды.
Жан қалғаны құрысын,
Айтар болсам дұрысын:
Тоқпан жілік
Қара саннан сынып,
Екі аяқ та жарымданды.
Отыруға жарадым
Өткен кезде жыл жарым.
Несін айтайын, қарағым,
Енді осыған да ырзамын.
Білемін, жаның ашиды, ә!
Мінгенім – мүгедектік машина.
Өз аяғыммен жүрген бір адым
Нағыз бақыт екен деп,
Соған қалай жетем деп,
Тығылып талай жыладым.
Қызығу деген осы да,
Бермесін Құдай басыңа.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызығу өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қызығу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызығу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызығу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері