Шəмші Қалдаяқовқа – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Шəмші Қалдаяқовқа» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 727
Шəмші Қалдаяқовқа

Аспанға ұштың...
Жерде едің.
Қай жаққа қанат сермедің?
Белес пе, əлде көргенің?
Елес пе, əлде ергенің?
Ұшқан құс көлге қонбай ма,
Ұясыз, үйсіз тоңбай ма?
Қыдыр да болып бір күні
Қыдырып келсең болмай ма?
Жарығын іздеп жалғанның
Қара түн ішін қармандым.
Жол жаққа күнде қарайлап,
Сен жаққа мен де қамдандым.
Дертіме қандай дару бар?
Дегбірім қашан дамылдар?
Адасып қалды-ау аққулар,
Аһ ұрып қалды-ау арулар...
Айларға жылдар жалғанар,
Ай туар,
Көкте шам жанар.
Аспан мен Жердің арасын
Арманға бөлеп əн қалар...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шəмші Қалдаяқовқа өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Шəмші Қалдаяқовқа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шəмші Қалдаяқовқа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шəмші Қалдаяқовқа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері