Қызға сыр бұрынғыдай ақтармадық – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қызға сыр бұрынғыдай ақтармадық» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 668
Қызға сыр бұрынғыдай ақтармадық.
Қарайды мен қамықсам, бақтар налып.
Қызылдың құйын кезген құмдарындай
Қалыпты қайран бетiм қатпарланып.
Қызға əзiл бұрынғыдай айта алмадық,
Өтедi ол шiркiн де қайқаң қағып.
Желегi кеше ғана желпiлдеген
Қалыпты-ау қайран көңiл майқандалып.
Сұрама бурыл тартқан бастың жайын...
Еңсенi ес жидырмай бастың ба, уайым?
Кеудемде бiр қысыр мұң қыңсылайды
Қақпанға түсiп қалған қасқырдайын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызға сыр бұрынғыдай ақтармадық өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Қызға сыр бұрынғыдай ақтармадық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызға сыр бұрынғыдай ақтармадық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызға сыр бұрынғыдай ақтармадық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері