Тіршілікте құшып ең сан қайыңды – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Тіршілікте құшып ең сан қайыңды» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 667
Тіршілікте құшып ең сан қайыңды,
Жібіте алмай, тамшыға таңдайыңды.
Маңдайыңды сипаған алақаным,
Сипап тұр ғой, енді тас маңдайыңды...
Бойым ауыр тартса да, ойым дүбір,
Тас бетіне қашалып, ойылды жыр.
Куәгер боп көзіммен көріп тұрмын,
Өміріңде көрмеген тойыңды бір...
Жүрегімнен балапан жыр түлеткен,
Сағыныштың жасы ма, бүркіп өткен.
Шабытыңның қуаты-ау Құдаш аға,
Қара бұлтты қақ жарып күркіреткен.
Басып өтіп өмірде түрлі белді,
Түрлі белден есіп бір сырлы желді.
Қарындас боп кеткен ем туған жерден,
Әпкеңдей боп оралып тұрмын енді...
Аппақ сүтке айналып қара бұлт,
Қақты қанат кеудеден жаралы үміт.
Сені жоқтап өксіген таң алдында,
Таңғы ұйқымнан оятты боран ұлып.
Әрбір сөзің түсірген жаныма Күн,
Жалғызсырап, сол күнді сағынамын.
Арман болып тебірентіп, тербетіп ең,
Тербетіп тұр тағы да аруағың.
Тәкаппар ең, иіліп мұңаймаған,
Қоштаспастан кетер деп кім ойлаған?
«Сұлулық боп оят» деп қара қызды,
Жұмсады ма, сені аға құдай маған?
Көрінеді көзіме тас та әдемі,
Шақырғандай аспанға аспан елі.
Жыр еліне, шуақты жүрегіңе,
Сыйлаймын мен жүректен басқа нені?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тіршілікте құшып ең сан қайыңды өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Тіршілікте құшып ең сан қайыңды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тіршілікте құшып ең сан қайыңды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тіршілікте құшып ең сан қайыңды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері