Санаңа сыйлап бұл өмір сенім – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Санаңа сыйлап бұл өмір сенім» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 598
Санаңа сыйлап бұл өмір сенім,
Бақытты болар күле білсе кім.
Оңаша сәтте мені ойлап бір,
Гүлдеді ме екен жүрегің сенің?..
Өрекпиді екен несіне көңіл,
Көңілімді күзге көшіреді өмір.
Көгілдір көктем әсеріменен
Түсе бердің ғой есіме менің.
Жас қосып көктем жасыма менің,
Жассың сен әлі, жасыма дедің.
Адасып қалсам кешірші мені,
Ашылған алдан ғашық әлемім...
Оранып өткен өмірім жалын,
Барады тартып мені мұңды ағын.
Көктемде туған көктегі аймен
Сәуле шашар ма көңілім, жаным?..
Белгілі саған мекенім келсең,
Салмағын таудың көтеріп еңсең,
Бәрі де жалған, бекер бола ма,
Сен үшін жас боп өтемін деуші ем..
Өзіңнің арман, тілегіңдемін,
Көңілдің табар бір емін көңіл.
Осынау келген көктеммен бірге
Көктер ме екен жүрегім менің?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Санаңа сыйлап бұл өмір сенім өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Санаңа сыйлап бұл өмір сенім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Санаңа сыйлап бұл өмір сенім өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Санаңа сыйлап бұл өмір сенім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері