Балам әскерге кетерде – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Балам әскерге кетерде» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 2397
Ер жігіт өсіреді жапанға гүл,
Ойлайтын кезің келді Отан қамын.
Парызын өтеу үшін туған елдің,
Барасың, балам, күткен сапарға бұл.
Жатпайды қанаттанса ұяда құс,
Құс болып көк аспанға қиялап ұш.
Сен де бір сенімге ие азамат боп,
Аттанып барасың бір қияға алыс.
Қатаяр дауылдарда нәзік емен,
Беттесіп өмірдің қыс-жазыменен.
Сағынсам, саған қарай ұшырамын,
Аққудың қанатына жазып өлең...
Шақырар әлі талай жол тынымсыз,
(Қалайша өмір сүрмек халқым ұлсыз?)
Үзіліп бір тамшы жас көздерімнен,
Көзіңе қарап тұрмын толқып үнсіз.
Сезімге емес сонша төзімді анаң,
Елестер бал-балалық кезің маған.
Балаңдық өткелінен өтіп шығып,
Өмірін әкелердің сезін, балам.
Шыңдалып, жақсы емес пе шыныққаның,
Осылай атсын тыныш тұнық таңың.
Бұл деген ана туған әрбір ұлға
Ең үлкен сын екенін ұмытпағын.
Барасың ие болып сенімге осы,
Кездескен қиындықтан жеңілмеші.
Уақыт қас қағымдық өте шығар,
Ақ аспан тыныш болса ел іргесі.
Кішкентай құлыншағым, жанашырым.
Қуантар көңілімді өр асуың.
Күн сайын жол үстіне көзін тіккен
Мен сендей бір солдаттың анасымын.
Думанды үзілмеген үйден бір ән,
Үйімде балақ бауын қиған қыран.
Қолына ап қашан мені шертеді деп,
Екі жыл күтер сені күй-домбыраң.
Көгіңнен күн шуағын құяр дәйім,
Жырласын бас көтеріп ұяң қайың.
Өтеп қайт азаматтық борышыңды
Сен үшін ел алдында ұялмаймын.
Сен барда өкпелі емес тағдырға анаң,
(Сағыныш, үрей, үміт – әр күн маған).
Ақ балам, қолдап аппақ аруағымен,
Қорғасын қайда жүрсең Жамбыл бабаң!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Балам әскерге кетерде өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Балам әскерге кетерде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Балам әскерге кетерде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Балам әскерге кетерде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері