Кәнизак та болмадым

Бұл бетте «Кәнизак та болмадым» атты Ханбибі Есенқарақызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.01.2022
  • 0
  • 1
  • 1345
Кәнизак та болмадым,
Перизат та болмадым.
Болмағанды қолдаумен,
Көсеу болды қолдарым.

Сүзіп ойдың қаймағын,
Сезінемін жай-мәнін.
Өмір деген – сахнада,
Қаншама роль ойнадым!

Өмірін ап аршаның,
Көңілін ап баршаның.
Шеберліктің шырмаулы,
Шеңберінен шаршадым.

Бәрін жасап үлгі істің,
Илеуінде тұрмыстың.
Сәнімменен паң болып,
Жанымменен күлге ұштым!

Жүрегімнің мәрт әнін,
Көрсетуге қорқамын.
Құлы болып ортаның,
Құлдыраңдап жортамын...


Пікірлер (1)

Балнұр

Жігіттер өлены

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кәнизак та болмадым өлеңінің авторы кім?

Ханбибі Есенқарақызы — осы өлеңнің авторы.

Кәнизак та болмадым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кәнизак та болмадым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ханбибі Есенқарақызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кәнизак та болмадым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері