Оралмандар туралы ой

Бұл бетте «Оралмандар туралы ой» атты Ханбибі Есенқарақызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.01.2022
  • 0
  • 0
  • 2052
Оралмандар, оралғандар –
Аппақ нұрдан жаралғандар,
Жазықсыздан – атылғандар,
Жапа шегіп – қамалғандар!

Шілдей тозып, жер ауғандар,
Езі – қалып, ері ауғандар.
Ібілістен, сайтандардан –
Аты үркіп, теңі ауғандар!

Өлдің – жіттің, аз-ақ қалдың,
Жатқа сіңіп, азаптандың.
Сонда – дағы, сақтай білдің,
Қазақтығын – қазақтардың!

Манғол бардың, Қытай бардың,
Үнді бардың ... жұтай бардың.
Куәсі боп қалдық біздер,
Көзірі көп ұпайлардың!

Жынға – пері жолыққандар,
Ел қайғысын кері ұққандар: -
Мықтыларды жер аударып,
Кірмелері тоғытқандар!..

Тілді ұмыттық – дозақ бардық,
Шоқынуға аз-ақ қалдық.
Өзімізді жүндей түтіп,
Өзгелерге мазақ болдық!

Оралыңдар, саямыз бар,
«Ақтаңдақта» - бай аңыз бар!
Кешіріммен қараңыздар,
Сіздер бізді, аяңыздар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Оралмандар туралы ой өлеңінің авторы кім?

Ханбибі Есенқарақызы — осы өлеңнің авторы.

Оралмандар туралы ой өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Оралмандар туралы ой өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ханбибі Есенқарақызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Оралмандар туралы ой өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері