Бауырыма – Сапарғали Бегалин

Бұл бетте «Бауырыма» атты Сапарғали Бегалин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.06.2019
  • 0
  • 0
  • 5495
Суырылып Шу дөңбекшіп екіленіп,
Асқардан андап түсіп, ойды керіп,
Балқашқа бауырымдап ат қойғандай,
Ерке Шу құла құмға тұмсығы еніп.
Жатқалы жайраң қағып қанша заман,
Суында жүзді, күлді қаншама адам,
Апай төс алабыңда аяланып,
Өмірге талай қыран басты қадам.
Ерке Шу екі ауылың егіз туған,
Қанысын жүрегінің жанын жуған,
Қияда қанат қағып қырғыз ауылы,
Ойында Албан, Дулат салған думан.
Екі ауылым еміренген алтын бастау,
Ортаңнан тұрған төніп Тәңірі тау,
Керсендей Ыстықкөлді төсіне алып,
Такаббар бұлтқа оранып тұрғаны анау.
Екі елдің салқындатып бауыр қанын,
Сұм заман сұрқия өмір айырғанын,
Амалсыз бауыр деуге аузым бармай,
Аз уақыт әлі есімде айрылғаным.
Бұл күнде жүз де бірге, жүрек бірге,
Өріс те, түз де бірге, жүрек бірге.
Бауырмыз бір біз емес, он бір Одақ
Туғанда алтын ғасыр тұтасты ірге.
Бауырым, жәй құшақты, әкел төсті,
Еміреніп бір қысайын төске төсті.
Жан бауырым жалынданып бір сүйейін,
Шығарып қайғы-шерді жатқан ескі.

1940


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бауырыма өлеңінің авторы кім?

Сапарғали Бегалин — осы өлеңнің авторы.

Бауырыма өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бауырыма өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сапарғали Бегалин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бауырыма өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері