Ақ сазан үркіп кеткен Жайықтаймын

Бұл бетте «Ақ сазан үркіп кеткен Жайықтаймын» атты Ақұштап Бақтыгереева‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 4305
Ақ сазан үркіп кеткен Жайықтаймын,
Ойлардан Жайық жайлы айықпаймын.
Даданың жанарынан мұң байқасам
Айдында ескегі жоқ қайықтаймын.
Не болмақ нәр татпаса шынар шыбық,
Қураса тамыры гүл сынар шіріп,
Табиғат қарғысына ұшыраған
Жағада - үш жыл бойы қуаңшылық.
Сан алуан адамдардың кеселі де,
Қазақтың
Әр кез соры бес елі ме?
Жетсе,
Егер құдіретім туған жердің
Айналып кетер едім нөсеріне.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ сазан үркіп кеткен Жайықтаймын өлеңінің авторы кім?

Ақұштап Бақтыгереева‎ — осы өлеңнің авторы.

Ақ сазан үркіп кеткен Жайықтаймын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ сазан үркіп кеткен Жайықтаймын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақұштап Бақтыгереева‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ сазан үркіп кеткен Жайықтаймын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері