Ауыл сыртында – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Ауыл сыртында» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 787
Ауыл сыртында
көктемге құштар жас ақын,
Шие ерiн сұлу
сүйгенiн жалғыз тосатын.
Ақ нұрын шашқан
отырып айдың астында,
Қиялы оның Хиуадан әрi асатын.
Ақ көйлегiнiң
көлбеңдеп ұзын етегi,
Ақылды сұлу
ақынға үнсiз жетедi.
Айлы ауыл сырты
әдемi едi,
қайыңды,
Ғашықтар ғана табысар сырлы шет едi.
Жас ақын жырын
қайыңдар тыңдап,
құс тыңдап,
Қара көздерi
тұратын қыздың ұшқындап.
Кездестiм қанша
қызбенен талай жерлерде,
Жаныма бiрақ бәрiнен сол бiр тұс қымбат.
Оларға ай да
телмiрiп үнсiз қарайтын,
Саңқылдап шыққан
дауысы түнге тарайтын.
Ғашықтық жайлы
ғажайып қазiр сол ауыл,
Айтады әндi, айтуға әндi жарайтын.
Жанады жүрек
мұңдана маған қараса ол,
Жанымды бүгiн
сыздатып жүрген жара сол.
Тым кештеу бiлдiм,
айлы ауыл да емес,
қыз да емес,
Ақынға серiк азабы көптеу қара жол.
Көрмеген едi
ештеңе менi қорқытып,
Тұрса да алда
қаншама қиын жол күтiп.
Беймәлiм жол ғой ақынның жолы мәңгiлiк,
Сапарға жалғыз шығарып салып, толқытып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауыл сыртында өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Ауыл сыртында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ауыл сыртында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ауыл сыртында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері