Дау – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Дау» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 720
Өрт сияқты көзi жоқ,
мен бiр сұмдық дау көрдiм,
тоқтам айтар сөзi жоқ
iштен шыққан жау көрдiм.
Ант пенен
серт өлiп,
көз аша алмай сорлаудан, –
жатты дейсiң өртенiп
бiр қауым жұрт сол даудан.
(Бiлдiрместен сезгенiн
жеттi әзәзiл сап етiп)
Бәтуәлi сөздерiм
жанып кеттi лап етiп.
Қақ айырылып қосағың,
қақ бөлiндi арманың.
Ойран болып ошағың,
түстi ортаға шаңырағың.
Жан өртенiп,
мұңданды, –
Не iстейсiң? –
күйiнем!
Қара күйе күл қалды
ынтымақтың үйiнен.
Ақыл-есiм шатысты
Қапаландым,
егiлдiм...
Сол бiр даудан шоқ түстi
өзегiне елiмнiң!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дау өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Дау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері