Кісәпірдің сөзі

Бұл бетте «Кісәпірдің сөзі» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 445
Құлқыны —
Қырық құлаш шыңырау,
Араны —
Алпыс кез апан
Тойымсыз бір адам
“Елді тонағандардың
Желкесі қырқылсын” деді.
“Таза жүрейік,
Таза тұрайық,
Еліміз құлпырсын” деді.
Сол сөзді тыңдап
Біреулердің —
Есі шықты.
Біреулердің —
Есі кірді.
Ал маған
Сол бір сөз
Үлкен дәретте отырып
Бұралақтап нан жейтін
Қомағай адамның
Тазалық туралы
Айтқан сөзіндей есітілді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кісәпірдің сөзі өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Кісәпірдің сөзі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кісәпірдің сөзі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кісәпірдің сөзі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері