Дүние бір сәттік

Бұл бетте «Дүние бір сәттік» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 694
Бір қолымды
Каспийге малып,
Бір қолымды
Зайсанға салып,
Сарыарқада шалқайып
Жатыр ем;
Бір Алатауға қарап,
Бір Қаратауға қарап,
Бір Маңғыстауға қарап,
Бір Көкшетауға қарап
Қиялға батып ем...
Кенет,
Әп-сәтте
Ісініп тұрғандардың
Жіптей боп
Жіңішкеріп кеткені,
Жіңішкеріп тұрғандардың
Күптей боп
Ісініп- кепкені...
Қайырсыз тірліктің
Ұғып тұрған нәрсесін
Ұқпай қалғаны.
Ішке тартқан демімнің
Шықпай қалғаны...
Дүние бір сәттік.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дүние бір сәттік өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Дүние бір сәттік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дүние бір сәттік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дүние бір сәттік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері