Айналасын қуанышқа кенелтіп – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Айналасын қуанышқа кенелтіп» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 719
Айналасын қуанышқа кенелтіп,
Тұра қалды жұпар иіске жел елтіп.
Желбегейін шешіп жатыр жасыл жаз,
Тырналарын жылы жаққа жөнелтіп.
Жер қарайды көк жүзіне құмартып,
Құштарлықтың құмартқаны тым артық.
Сарғыш орман тасасына жоғалды
Жасыл жаздың көлеңкесі мұнартып.
Көңілді күн қай бағытқа көлбеді,
Тербетумен жүрген еді ол мені.
Босағанын көзге тақап көрсетті
Сылдыраған судыр күннің шөлмегі.
Жаз ұзады, жұпар исі қалқыды,
Сары күннің ашылғанда алқымы.
Қырмызы гүл қауызына тамады
Құралайдың қырдан түскен салқыны.
Қырмызы гүл қауызына тамады,
Домбыраның сылқылдаған шанағы.
Сарғыш сәуле сағым болып ұшты да,
Жаздан қалған жапырақты санады.
Ағады күн, ағады күн, ағады...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айналасын қуанышқа кенелтіп өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Айналасын қуанышқа кенелтіп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айналасын қуанышқа кенелтіп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айналасын қуанышқа кенелтіп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері