Бір сәлем сынды жолданып қалып жетпеген – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Бір сәлем сынды жолданып қалып жетпеген» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 787
Бір сәлем сынды жолданып қалып жетпеген,
Дүрілдеп аппақ лайнерлер ұшты көкпенен.
Қарсы аққан бұлттар жол беріп жатыр жөңкіліп,
Қарсы аққан бұлттар көз жасым сынды төкпеген.
Сағыныш біткен жарысып жолмен зулады,
Қапталда түгел гүл басқан жондар тулады.
Жапырақ сосын алақан соқты тербеліп,
Қонақтап құстар бұтаққа, орман шулады.
Есітемісің, жүрекке жеткен бір ән бар,
Әнші құстарым, жабылып әуен құраңдар.
Бауырында таңның, қойнында кештің тербеліп,
Әндеткен ғалам, жаныңды сенің ұғам бар.
Болғасын мұңы, көмейі тынбай әндеткен,
Ұғынып мұны, реніш те қалды, қалды өкпем.
Әндер-ай есті, сендерде қандай сиқыр бар,
Тамылжып келіп, жұбатып мені, жанды өпкен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір сәлем сынды жолданып қалып жетпеген өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Бір сәлем сынды жолданып қалып жетпеген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір сәлем сынды жолданып қалып жетпеген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір сәлем сынды жолданып қалып жетпеген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері