Жолда – Нұржан Қуантайұлы

Бұл бетте «Жолда» атты Нұржан Қуантайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1047
Шарайна көктiң шаранасынан шыққан жаңағы
Шарбы бұлттарды шайқы жел қуып барады.
Сүреңсiз күннiң сүт қосқан шайға бiр қанған
Апама ұқсап ашылып қапты қабағы.
Асыққанымды, аңсағанымды сезер ме,
Автобус байғұс аптыға шығып кезеңге,
Қамыс пен қоға үңiлiп тұрды жапырлап
Етектi кесiп есiле аққан өзенге.
Қалбаның тауы-ай қарайтып кеткен жел өңiн,
Шоқ қайыңдарың жайқалтып жасыл желегiн.
Күн сәулесiмен көз қысып ойнап әйнегi,
Жосылған жолда тасырқап «Пазик» келедi.
Көк тұма жатыр иелiк қылып бақ сыртын,
Бал дәмiн татып бас қойса барып, паһ, шiркiн...
Бұйра бас талы бұйығы бiздiң ауылға
Төбеден қадар талыққан көзiн тақсыр-Күн.
Ауылды аңсап, сағыныш-самал басылмай,
Кеудемдi керiп, көкiрегiмдi қаусырды-ай,
Iс тiгердегi шешемнiң тесiмасындай
Баяғы тасжол барады-ау тiптi таусылмай...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жолда өлеңінің авторы кім?

Нұржан Қуантайұлы — осы өлеңнің авторы.

Жолда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жолда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұржан Қуантайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жолда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері