Мың сәлем саған, Париж бен Лондон, Москва – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Мың сәлем саған, Париж бен Лондон, Москва» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 983
Мың сәлем саған, Париж бен Лондон, Москва,
Таусыла жаздап кірпігін ашты жас тұма.
Жанардың жасын ақ жаңбыр қылып төктім мен,
Көктемде шықққан жап-жасыл күннің астына.
Шарқ ұрып көңіл, көзімнен ыстық жас тарап,
Теңізде жүздім айдыны көлден басқарақ.
Мен жалғыз барған өлкенің тасы қып-қызыл,
Көкжиегі алыс, құстары таныс, аспаны ақ.
Жайраңдап сыртым, ішімнен сыңсып мұң ұшқан,
Қанатым жазсам, жетемін саған, Гүлстан!
Гүлстан өлке, гүліңді сенің теруге
Өзіңді толқып көруге керек мың ұстам.
Арындап ұшқан ақпараттардың тасқыны,
Елеусіз қылып кетеді кейде бастыны.
Алты қаз болып айналып көкті барады
Жалынды шақтың жарқылдап өткен жастығы.
Арманға толы, ей, менің асыл мұратым,
Арман деп қойдым жазылған көкке жыр атын.
Жыр қылып жазып жүрегін тастап кетуге,
Өмірге келді арқалап мұңын бір ақын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мың сәлем саған, Париж бен Лондон, Москва өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Мың сәлем саған, Париж бен Лондон, Москва өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мың сәлем саған, Париж бен Лондон, Москва өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мың сәлем саған, Париж бен Лондон, Москва өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері