Қазағым

Бұл бетте «Қазағым» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1674
Айбарлы, азат,
Айналдым қазақ
Елімнен.
Халқыма қалқан,
Шалқыма дарқан
Жерім кең.
Баулары иіп,
Таулары биік
Көрінген.
Махаббат құшқан,
Аққулар ұшқан
Көлімнен.
Жандары жарқын,
Таңдары алтын –
Нұры бар.
Жазира көңіл,
Ағыл да тегіл
Жыры бар.
Елімнің даңқын
Асырған әр күн
Шыңы бар.
Елі сүйген күллі,
Абылай сынды
Ұлы бар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазағым өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қазағым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазағым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазағым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері