Мұңдас

Бұл бетте «Мұңдас» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 790
Өткен өкініштерім мен
Күйреген бекіністерімді
Ойыма түсіріп
Санам сарсылып,
Ауырып жүрегім, –
Күн жеп, жел жұлып
Әбден қажыған
Кәрі ағаштың
Қасында тұр едім...
О, тоба,
Кенет мен
Тұла бой денеммен! –
Сәт сездім шипалы:
Әлгі кәрі ағаш,
Мұңдасым секілді,
Бұтақтарын иығыма артып,
Жапырақтарымен
Басымнан сипады...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұңдас өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Мұңдас өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұңдас өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мұңдас өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері