Хаттар – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Хаттар» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2272
Кездерімде көп қағазды ақтарған,
Көрем ұдай бір жылылық хаттардан.
Естігендей болам күлкі сыңғырын,
Сағындырған сонау тәтті шақтардан.
Кездерімде көп хаттарды ақтарған,
Жұпар иіс соғар жазғы бақтардан.
Жыршы құстың үндеріндей көктемгі,
Жолдар кейбір көкейімде жатталған.
Кездерімде кейбір хатты ақтарған,
Көңілді үндер естіледі шат-шадыман.
Кейбір хаттың ескерткіш боп иесі,
Қорғасындай ауыр ұйып жатты арман.
Онда не бір ақтармаған сырлар бар,
Онда не бір бүркенеді шыңдар қар.
Сарғыш тартқан хаттар бетін ашқанда,
Көз алдыңнан өтер не бір сындарлар.
Ей, өмір–ай, аққан өзен сыңғырап,
Тайбурылдың шабысындай құлдырап,
Сол бір хаттар жапырақтай күздегі
Көз алдыңнан ұшып кеткен бұлдырап.
Кездерімде көп хаттарды ақтарған,
Бейне кәусар жұтқандаймын бастаудан.
Шашы ағарған жесірлердің жүзінен,
Байқап қалам омырауға жасты ауған.
Кездерімде көп хаттарды ақтарған,
Тосылады қызғалдақтар шоқтанған.
Әкелердің, ағалардың қабірі,
Жалғызаяқ жолы жатыр тапталған.
Қызғалдақтай қаулап өскен тәтті арман,
Сүрлеу болып табандарға тапталған.
Көп үндерді есітемін хаттардан,
Көп сырларды оқимын мен сақталған,
Осынау бір хаттардан,
Тәтті арман,
Гүл жамырап —
Бара жатыр
бақтардан.
Сүрлеу,
Соқпақ,
Тапталған,
Хаттардан...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Хаттар өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Хаттар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Хаттар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Хаттар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері