Мектеп
Бұл бетте «Мектеп» атты Қастек Баянбай жазған білім туралы өлең берілген.
-
admin
- 24.09.2024
- 0
- 0
- 2823
Алғаш
Аздап именіп,
Ауласына келеміз.
Желкілдеген гүл болып,
Құшағына енеміз.
Өз аузына қаратқан
Ұстаз ойын ұғамыз.
Сөйтіп,
Әрбір сабақтан
Сәл есейіп шығамыз.
Көкке жетіп төбеміз,
Көңілденіп тарқаймыз.
Талаптанып келеміз,
Қанаттанып қайтамыз.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі