Құмыра немесе бүгінгі дию

Бұл бетте «Құмыра немесе бүгінгі дию» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 692
Күлген,
жүрген,
жылаған,
шаттығы бар, мұңы да –
өзiмiздей бiр адам
сатып алды құмыра.
Құлақшасы өрмелi,
қалпағы тiк төбелi,
оюы бар, өрнегi –
әдемi екен, әдемi.
Көңiлi бiр жаңарып
үмiтпенен үзiгiп,
құмыраға қадалып
отырды да қызығып, –
түстi ойына –
(мұныма
түсiн, мейлi, түсiнбе)! –
ертектегi құмыра
диюы бар iшiнде.
Сонан кейiн кеттi бiр
ой шаптырып қиянға –
тамсандырған тәттi бiр
берiлдi де қиялға, –
дедi: болмай сорым да
жоғалар ед қиыным –
болса егер де қолымда
шауып тұрған диюым.
Дүниенi аралап,
асыл тастар алғызып,
сарайларды ғаламат
тастар едiм салғызып.
Жатар едiм созылып,
шараптармен қағысып.
Қауыздарға шомылып,
қор қызымен қауышып...
Осылайша тасып кеп,
тапқандай-ақ ақ таңын,
жiбердi ғой ашып кеп
құмыраның қақпағын.
Тосқан ба бұл асқанға,
қалай мұны түсiнем?!..
Ақ бу атты аспанға
құмыраның iшiнен.
Сонан кейiн
(даттама!)
жiберердей жапырып,
дию шықты қап-қара
құмырадан атылып.
Дию шықты қап-қара
құмырадан атылып.
(өтiрiк деп даттама!)
сөйлеп кеттi ақырып:
–Зұлымдықпен табысып
бiлдiрмейтiн айласын,
жасырынбай берi шық,
бейбақ пенде, қайдасың?
Түр қалмапты-ау түрiнде,
неменеге селк еттiң?!
Диюы жоқ бүгiнде
ертедегi ертектiң.
Бiр бүлiктi бастасам
жердi жалмар құйындар.
Басқаша ғой басқаша
бүгiндегi диюлар.
Қатерi бар, кеселi
мен сұрапыл елеспiн.
Ертектегi кешегi
жалғыз дию емеспiн.
Түсiнгенiң мақұл ғой!
Бiр суынып, бiр жанып
не бiр дию жатыр ғой
бетондармен құрсалып.
Жапса әлемдi күркiрi –
жер де сөнер, көк сөнер –
құрсауынан бiр күнi
ағытылып кетсе егер, –
дедi дию,
көзiнде
жанып есер еркелiк –
үрлеп қалған кезiнде
кеттi ормандар өртенiп.
Қатер төгiп жалғанға
жоқ боп кеттi бауларың.
Қолын сiлтеп қалғанда
қақ айырылды тауларың.
Көлдердi iшiп тойлады,
көктi жарып шақырып.
Шайқап, төгiп ойнады
теңiздердi сапырып.
Жалықты ма жарықтан
бұлт болып түнердi.
Дүниенi шаңытқан
ақ түтек қып жiбердi.
Қара дию
заманды
жалмайтындай бiр күнде...
...Сонсоң сорлы адамды
тастай салды үңгiрге...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құмыра немесе бүгінгі дию өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Құмыра немесе бүгінгі дию өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құмыра немесе бүгінгі дию өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құмыра немесе бүгінгі дию өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері