Өлең, жыр, ақындар

Сегіз аяқ

  • 15.04.2015
  • 1
  • 40
  • 649210
Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған.
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған —
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл.

Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас.
Білгенге маржан,
Білмеске арзан,
Надандар бәһра1 ала алмас.
Қиналма бекер, тіл мен жақ,
Көңілсіз құлақ – ойға олақ.

Басында ми жоқ,
Өзінде ой жоқ,
Күлкішіл кердең наданның.
Көп айтса көнді,
Жұрт айтса болды —
Әдеті надан адамның.
Бойда қайрат, ойда көз
Болмаған соң, айтпа сөз.

Қайнайды қаның,
Ашиды жаның,
Мінездерін көргенде.
Жігерлен, сілкін,
Қайраттан, беркін
Деп насихат бергенде,
Ұятсыз, арсыз салтынан,
Қалғып кетер артынан.

Аулаққа шықпай,
Сыбырлап бұқпай,
Мейірленбес еш сөзге.
Пайдасыз тақыл —
Байлаусыз ақыл,
Атадан бала ойы өзге.
Санасыз, ойсыз, жарым ес,
Өз ойында ар емес.

Тасыса өсек,
Ысқыртса кесек,
Құмардан әбден шыққаны.
Күпілдек мақтан.
Табытын қаққан2 —
Аңдығаны, баққаны.
Ынсап, ұят, терең ой
Ойлаған жан жоқ, жауып қой.

Болмасын кекшіл,
Болсайшы көпшіл,
Жан аямай кәсіп қыл.
Орынсыз ыржаң,
Болымсыз қылжаң
Бола ма дәулет, нәсіп бұл?
Еңбек қылсаң ерінбей —
Тояды қарның тіленбей.

Егіннің ебін,
Сауданың тегін
Үйреніп, ойлап, мал ізде.
Адал бол – бай тап,
Адам бол – мал тап,
Қуансаң қуан сол кезде.
Біріңді қазақ, бірің дос
Көрмесең, істің бәрі бос.

Малыңды жауға,
Басыңды дауға
Қор қылма, қорға, татулас.
Өтірік, ұрлық,
Үкімет зорлық
Құрысын, көзің ашылмас.
Ұятың, арың оянсын,
Бұл сөзімді ойлансын.

Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын.
Таласып босқа,
Жау болып досқа,
Қор болып, құрып барасың.
Өтірік шағым толды ғой,
Өкінер уақытың болды ғой.

Жұмыссыз сандал,
Еріксіз малды ал
Деген кім бар сендерге?
Қулықты көргіш,
Сұмдықты білгіш
Табылар кісі жөн дерге.
Үш-төрт жылғы әдетің
Өзіңе болар жендетің.

Ауырмай тәнім,
Ауырды жаным,
Қаңғыртты, қысты басымды.
Тарылды көкірек,
Қысылды жүрек,
Ағызды сығып жасымды.
Сүйеніп күлкі тоқтыққа,
Тартыпты өнер жоқтыққа.

Қайратым мәлім,
Келмейді әлім,
Мақсұт – алыс, өмір – шақ.
Өткен соң базар,
Қайтқан соң ажар,
Не болады құр қожақ?!
Кеш деп қайтар жол емес,
Жол азығым мол емес.

Бір кісі мыңға,
Жөн кісі сұмға,
Әлі жетер заман жоқ.
Қадірлі басым,
Қайратты жасым
Айғаймен кетті, амал жоқ.
Болмасқа болып қара тер,
Қорлықпен өткен қу өмір.

Сөзуар білгіш,
Законшік, көргіш,
Атанбақ – мақсұт, мақтанбақ.
Жасқанып, қорқып,
Жорғалап, жортып,
Именсе елің, баптанбақ.
Қарғағанын жер қылмақ,
Алдағанын зор қылмақ.

Хош, қорықты елің,
Қорқытқан сенің
Өнерің қайсы, айтып бер.
Ел аңдып сені,
Сен аңдып оны,
Қылт еткізбей бағып көр.
Ойнасшыл қатын болса қар,
Аңдыған ерде қала ма ар?

Көмексіз көзің,
Бір жалғыз өзің
Баға алмай, басың сандалар.
Бауырыңа тартқан,
Сырыңды айтқан
Сырласың сырт айналар.
Ол қаны бұзық ұры-қар,
Қапысын тауып сені алар.

Басы-көзі қан боп,
Арқа-басы шаң боп,
Және тұрып жалпылдап;
Жығылып тұрып,
Буыны құрып,
Тағы қуып салпылдап —
Абұйыр қайда, ар қайда?
Әз басыңа не пайда?

Ит үрсе, бала
Таяғын ала,
Қуады итпен кектесіп.
Ұрысқансып "ой" деп,
"Ұят" деп, "қой" деп,
Үлкендер тыяр "тек" десіп.
Оны білсең, мұның не?
Мен де ұят іс қылдым де.

Білгенге жол бос,
Болсайшы қол бос,
Талаптың дәмін татуға.
Білмеген соқыр,
Қайғысыз отыр,
Тамағы тойса жатуға.
Не ол емес, бұл емес,
Менің де күнім – күн емес.

Ғылымды іздеп,
Дүниені көздеп,
Екі жаққа үңілдім.
Құлағын салмас,
Тіліңді алмас,
Көп наданнан түңілдім.
Екі кеме құйрығын
Ұста, жетсін бұйрығың.

Жартасқа бардым,
Күнде айғай салдым,
Онан да шықты жаңғырық.
Естісем үнін,
Білсем деп жөнін,
Көп іздедім қаңғырып.
Баяғы жартас – бір жартас,
Қаңқ етер, түкті байқамас.

Жаяуы қапты,
Аттысы шапты,
Қайрылып сөзді кім ұқсын.
Іште дерт қалың,
Ауыздан жалын
Бұрқ етіп, көзден жас шықсын.
Күйдірген соң шыдатпай,
Қоя ма екен жылатпай?

Мамықтан төсек,
Тастай боп кесек,
Жамбасқа батар, ұйқы жоқ.
Сыбыр боп сөзі,
Мәз болып өзі,
Ойланар елдің сиқы жоқ.
Баяғы қулық, бір алдау,
Қысылған жерде – жан жалдау.

Атадан алтау,
Анадан төртеу,
Жалғыздық көрер жерім жоқ.
Ағайын бек көп,
Айтамын ептеп,
Сөзімді ұғар елім жоқ.
Моласындай бақсының
Жалғыз қалдым – тап шыным

1 Бәһра (парсыша) – пайда, білімнен үлес.
2 Табытын қаққан – Кісі өлімі сирей бастаса, мешіттің ашкез, надан мәзендері мешіт қоймасында тұратын өлген адамды салып шығаратын табытты таяқпен қағып, өлім шақыратын жаман әдеті болған. Ақын соны ауыспалы мағынасында қолданған.



Пікірлер (40)

турар рамира

Абай олендери жаухар тас

Жасмин

маскара мынаны жаттву керек

Гулим

Градациясы бар Абай олендери срочна керек еди

АЙболған

жатта Жасмин жаман болмайсың

Анвар

Массаган мынаны жаттау керек

қасқа

мынаны абайдын 175 жылдыгына жаттау керек

Байдибек

надан туралы 20 аятты өлең жазу үшін қандай адам болу керек

Ажар

Сегіз аяқ өлеңі туралы ұлы тұлғалардың айтқан сөздері барма

АДИНА

Маған унады кушті

Дильназ

Керемет жазылған өлең.

Арман

Жақсы, керемет

Нұлан

Абай Құнанбайұлының Сегіз аяқ атты өлеңі өте мағыналы екен

Дархан

Супер

Жеңісбек

Керемет өлең

Қуаныш Мұқитұлы

Абай өлеңдері - тұнып тұрған философия! Өзге ақын ұмыт болса да, Абай әр қазақтың жүрегінде сақталып қалады! Абай - менің өмірден Темірқазығым ! Абай кітабы - менің қолдан түспес қойын кітабым. Жастар , Абайды оқыңдар, Абайды таныңдар. Абай арқылы осы өмірді танисыңдар ! АБАЙ - ҚҰДАЙДЫҢ ҚАЗАҚҚА БЕРГЕН СЫЙЫ ! АБАЙ - ДАРИЯ ДАНЫШПАН !

Руслан

Өте керемет

Руслан

Өте жақсы өлең

Михон

..б..б...
Р. Р

nur

Керемет емес арине но жазылу крутяякк

"₽

:₽
=p

Чібір

Екарный бабай осыны ертеңге дейін жаттау керек

《》

¡

айбар

дурыстап окы олжас

айбар

адададададададада

жания

ептваямайт оким деп аузым ауырып кетты

Саят

2009 перваштар силааа

Нұрым

Кім жазған щ

Нұрым

Өте керемет

Кумаров Азиз

Керемет өлең!

Кумаров Азиз

Керемет

Нурик соло

Шаршадым

НУРА

Бека окы нах

Таста

керемет

А...

Мен сені ұнататын секілдімін, саған айтатын болсам да ұяламын, мен саған ұнамаймын ба деп қорқамын. Өтініш осыны оқып отырсаң, лс шықшы. 10 сыныптағы А есімді қыз, Б есімді ұлға.

Зайс

Өте жақсы маған ұнады

Диана

Жатта Қарақат, уәххәхә

...

Сыныптағы сыныптасыма сезімімді қалай білдірсе болады??

Мақсат

Мына өлеңді жаттамасақ апай тоқсандыққа 3 қойат. Жаттасаң да бәле жаттамасаң да бәле

Асел

Керемет жазылыпты

Пікір қалдырыңыз

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап

  • 1
  • 26

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

Толық

Оспанға

  • 0
  • 3

Жайнаған туың жығылмай,
Жасқанып жаудан тығылмай,
Жасаулы жаудан бұрылмай,
Жау жүрек, жомарт құбылмай,

Толық

Сұрғылт тұман дым бүркіп

  • 0
  • 2

Сұрғылт тұман дым бүркіп,
Барқыт бешпент сулайды.
Жеңіменен көз сүртіп,
Сұрланып жігіт жылайды.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар