Жалған арман – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Жалған арман» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 988
Шiркiн-ай!
Парықсызды –
Құлақшекесiнен! –
Құлаштап тұрып ұрсам.
Оспадарды –
Тыр жалаңаш шешiндiрiп –
Тiкенек, шеңгелдiң арасымен
Бақсыдан қашқан
Жындай етiп қусам.
Қатыгездi –
Кеспек құсатып! –
Балтамен
Қақ жарып тастасам.
Обырлардың қарнын
Ақ семсермен
Ақтарып тастасам.
Елiмдi басып жатқан
Уайым-қайғыны –
Жел болып соғып
Алып кетсем;
Өшкен ошақтарды
Қайтадан жағып кетсем.
Сатқынды
Табаныма салып
Балшықтай
Илеп тастасам.
Сұм мен сұрқияны –
Сирақтарынан ұстап! –
Елсiз шөлге
Сүйреп тастасам.
Бiрақ
Мұның бәрi арман ғой!
Жалған өмiрдiң
Арманы да
Жалған ғой!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалған арман өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Жалған арман өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалған арман өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалған арман өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері