Мінез

Бұл бетте «Мінез» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 797
Осы бір қарттың
Шар болаттай берік
Сүйегі асыл еді.
Сөздері
Қарағайды
Қақ жарып жіберердей
Жасын еді.
Мінезі:
Қарлы күнгі дауылдай,
Желді күнгі жауындай,
Қауіпті
Тау өзендеріндей
Ағысты болатын.
Қалыңына кім кірсе де
Қабыландай атылатын
Намысты болатын.
... Сондай жан
Бір күннің ішінде
Дауылдан құлаған
Кәрі емен құсап
Төрдегі төсегінде сұлап жатты...
(Тағдырға амал бар ма?)
Әп- сәтте бір тірлікті
Қырау жапты.
Кешегі күні
Жалындай тілетін
Тіл де жоқ.
Күндей күркірер
Үн де жоқ.
Бойынан да,
Ойынан да
Ерік кетті.
Соны сезген қария
Мына тірліктен—
Теріс қарап! –
Жеріп кетті.
Сонан кейін ол
Өзінің мүсәпір халіне
Намыстанғаны сонша
Бар күшін жинап
Өліп кетті!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мінез өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Мінез өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мінез өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мінез өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері