Дарынға – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Дарынға» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1521
Жеті жасқа жеткенің –
Бір белестен өткенің.
Отырып сен сүндетке,
Мұсылманға беттедің.
Жеті жасқа жеткенің –
Бір белестен өткенің.
Қарсы алады күлімдеп,
Алтын ұя мектебің.
Жеті жасқа жеткенің –
Болашаққа беттедің.
Бөлеп жарқын нұрына,
Күлімдейді көкте күн.
Жеті жасқа жеткенің –
Балалықтан кеткенің.
«Әліппемен» тіл ашып,
Адамдыққа өткенің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері