Қалтай Мұхамеджан – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Қалтай Мұхамеджан» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.06.2022
  • 0
  • 0
  • 876
Қазақтарға келмесе де түр-түсi,
қазақшаға ағып тұр ғой бұл кiсi...
Осы адамда, осы жанда жатыр ғой
ұлтымыздың ұланғайыр күлкiсi.
Дес бермеген гүрзiге де дойырға,
дес бермеген шоқпарға да, сойылға, –
Осы адамның – сылтып басқан бүгiнде –
күлкi жатыр бүкiл тұла бойында.
Күлкi жатыр тұратұғын намыстан,
күлкi жатыр батылдықпен табысқан.
Күлкi жатыр зымияндық, сұмдықпен
ғұмыр бойы жағаласқан, алысқан.
Отын берген өршiл мiнез оттыға.
Жiберген ғой серпiп қанша оқты да.
Қаншама рет – арпалысып жауызбен –
жығылған ғой сол бiр күлкi соққыға.
Сол күлкiден –
жадыраған түнерген,
шалқасынан түскен талай шiренген.
Сол бiр күлкi сүмiрейтiп содырды,
Оспадарды осып-осып жiберген.
Оны тыңдап ажарланған әрсiз де,
оны тыңдап теңескен ғой теңсiз де.
Сол күлкiден пәс көңiлдер биiктеп,
Сол күлкiден қуаттанған әлсiз де.
Тауып кетiп қысылтаяң, тар жерде,
жеңiсiн ол тойлаған ғой сан белде.
Сол күлкiден алшаңдаған пiлдерiң
айналған ғой шәуiлдеген қанденге.
Кейбiр кезде бұрын шығып ерлiктен
сөз айтқан ол қаншама рет ел күткен.
Сол бiр күлкi қан жүгiртiп қансызға,
сол бiр күлкi қайғы, мұңды сергiткен.
Сол күлкiден – өзiңдi өзiң сынайсың,
Сол күлкiден – шатқаяқтап құлайсың.
Сол күлкiден жылап тұрып жұбанып,
Сол күлкiден – күлiп тұрып жылайсың!
Қазақтарға келмесе де түр-түсi,
Қазақшаға ағып тұр ғой бұл кiсi.
Ортамызда келе жатыр
Қалағаң
ұлтымыздың ұланғайыр Күлкiсi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қалтай Мұхамеджан өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Қалтай Мұхамеджан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қалтай Мұхамеджан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қалтай Мұхамеджан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері