Айбат – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Айбат» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 722
Мұхтар Құл-Мұхамедке

Қаhарландым! –
Бiр қолыммен
Тау шайқадым.
Бiр қолыммен
Теңiз сапырдым.
Жалын шашып,
Орман жапырдым.
Әруақтарымды шақырдым!
Бәйтеректердi
Түп-тамырымен суырып алдым.
Арыстанның аузындағысын
Жағын айырып
Жұлып алдым.
Шаптырғанда
Шүмегiн жарып жiберетiн
Балпанақтай
Ұлдар таптырдым.
Iбiлiс, жындарды
Ешкiдей бақыртып
Таудан асырып лақтырдым.
Сатқынды
Жерден алып,
Жерге тығып жiбердiм.
Қатыгез қаттыңды
Құмдай етiп
Үгiп жiбердiм.
Найзағайлар да долданып
Қара бұлттарды
Жарқылдап тiлiп жатты...
Әруақтардың сүйектерi
Жердiң астында
Шартылдап сынып жатты...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айбат өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Айбат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айбат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айбат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері