Шабыт – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Шабыт» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2297
Тағдырдан шабыт тілеп жалынбаймын,
Мінезім бар өзімше жалындайтын.
Бермесін жиендікпен тартып алсам,
Несі бар, жақсы өлеңнің жазылмайтын.
Көлеңкесі бола алман "жанды елестің",
Жеңісін қолдан бермен жырда егестің,
Қуанышым, бақытым — бәрі өзіңсің,
Сен тұрғанда өмірде жарлы емеспін.
Айнала мүлгіп манаурап,
Түн тынысын алады.
Су түбінде ай аунап,
Діріл қағып барады.
Қиялым асау толқындай,
Арманды тербеп келеді.
Тұрармын кайтып толқымай.
Табылмай көңіл керегі.
Жұлдыздар көзін ілмейді
Шолпан тұр жерге қарайлап,
Әттең ол бірақ білмейді,
Таң келерін арайлап.
Жайыпты суға қанатын,
Ақша бұлттар алыстан.
Сапарым ұзақ баратын,
Мазасыз жаным алысқан.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері