Таппаспыз ешбір дауа жарамызға

Бұл бетте «Таппаспыз ешбір дауа жарамызға» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 519
Таппаспыз ешбір дауа жарамызға,
Өткен күн айналғандай бәрі аңызға.
Қанша асу, қанша жылдар жатыр бөліп
Қамал боп екеуміздің арамызда.
Салайық сезімге емес, санамызға,
Сен жігіт, мен ұқсамай бала қызға.
Ұқсайық сабырменен жеңген бәрін
Кешегі әкеміз бен анамызға.
Болғандай шөлдегенге сусын жырың,
Айналаң тыныш емес, у-шу бүгін.
Мына жұрт маған қалай қарайды деп,
Бұқпалап жалтақтаған құрсын күнің.
Алдымнан жанғандай бір алау жарық,
Оғынан жанарлардың аман қалып.
Ішімде тұншықтырып өшіремін
Айтатын сырларымды саған барып.
Көрмеппін қабақ бағып, жанар бағып,
Жан-жүрек жараланған сан алданып.
Бәріне өзге жұрттың кең дүние
Тарылып кетеді екен маған неғып?
Бұлдырап, шомылып тұр мұнарға бақ,
Алданған өмірді енді кім алдамақ.
От шашар жолға қалай жалғыз жүрек
Құс қайтіп ұша алады сыңар қанат?
Шыңдағы көрінуші ең мықты емендей,
Тіршілік жүгін барлық жүктегендей.
Мәз болдың ақ сарайға енгеніңе,
Ішінен түкті де алып, түк те бермей.
Көзімнен көздеріңнің нұры өшпеген,
Шөп-шалам шалғайыңа ілеспеген.
Жігітті түсінбеймін жігіт деп мен
Өзінің бақыты үшін күреспеген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таппаспыз ешбір дауа жарамызға өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Таппаспыз ешбір дауа жарамызға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таппаспыз ешбір дауа жарамызға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таппаспыз ешбір дауа жарамызға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері