Құм іші қылған дүниеге – Айсұлу Рүстемова‎

Бұл бетте «Құм іші қылған дүниеге» атты Айсұлу Рүстемова‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2083
Сен құмды неге сүйдің мұңы ішінде?
Ән толы құмның іші-тірісің бе?
Әжесін - ән әлемін, әлдилеген,
Аузынан тастамады ол тірісінде.
Тікенді, тым шынайы гүлі ішінде
Өткен күн -өмірімнің тінісің бе?
Жалғыз үй, әке, ана, бауырларым-
Ғажайып жылдар қалды құм ішінде.
Сол әке... мән бар еді күлісінде,
Анамның сыр тұнатын жүрісінде.
Құм іші құмар қылған дүниеге,
Сен неше кереметтің бірісің бе?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері