Әудемжер

Бұл бетте «Әудемжер» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 797
Кім сонда, осы әуенді қалықтатты,
Мәңгілік құлағымда қалып қапты.
Үстінен өмір көпір, өтіп жатқан –
Уақыт соны айтудан жалықпапты.
Мен байғұс, содан бері не көрмедім,
Арқасы-ау, бір құдайдың көгергенім.
Аларсың, қалай, үзіп?
сүйгеніңе –
Жыр жаным, гүл боп шықса, егер, менің?
Мін тағар, сұлулыққа кіналап кім,
Сырыңмен сезіміме сына қақтың.
Ән салған, әуелетіп, әнші жігіт,
Мен сенің есіміңді сұрамаппын...
Әніңмен күнім шығып, таң атқанды,
Жабылған жадыратып қабақтарды/
Қыран-шың баурындағы балапандай,
Қиялым қияға өрлеп қанаттанды.
Атыңнан айналайын ағаш аяқ,
/Ол мені сүйіп еді, алғаш аяп /
Амал жоқ, өтті дәурен, болдым енді,
Құрғандай жаңа жауған қарға саят...
“Әудемжер, жүре алмаймын аяғымнан”,
Тағдырдың оң тіземді таяғы ұрған.
Қайтейін, бір мысқалдай кем емес ем,
Толқыған аспандағы ай арудан...
Шіркін-ай, аяғымнан, аяғымна-ан!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әудемжер өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Әудемжер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әудемжер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әудемжер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері